Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша ең көп мектеп Алматы облысында салынады

Қазақстанда осы жоба аясында барлығы 842 мың балаға арналған 401 жаңа мектеп салынады.

10.02.2023
Аймақ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Қазақстанда биыл басталады. Жобаның арқасында үшінші ауысымды толығымен алып тастап, оқушы орындарының тапшылық мәселесі шешіледі.

Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін тек қалаларда ғана емес, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі ең шалғай елді мекендерде де салынатын болады. Жаңа мектептердің құрылысына қазақстандық өндірістің материалдары қолданылатын болады.

Қазақстанның өңірлері бойынша жаңа мектептер құрудың егжей-тегжейлі жоспарын ұлттық жобаның операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы қалыптастырды.

Бірінші кезекте жаңа мектептер қазірдің өзінде оқушы орындарының тапшылығы қатты сезілетін өңірлерде салынатын болады. Бекітілген жоспарға сәйкес, ең көп мектеп Алматы облысында (63), Түркістан облысында (63), Шымкентте (25), Маңғыстау облысында (24), Астанада (24) және Алматыда (22) салынады. Қалған мектептер шағын қалаларды қоса алғанда, бүкіл Қазақстан бойынша біркелкі бөлінеді.

Мектеп құрылысының егжей-тегжейлі мерзімдері және жаңа оқушы орындарының саны анықталды. Мысалы, Алматы облысының 63 жаңа мектебінде 136 мыңға жуық бала оқи алады. Елорданың 25 жаңа мектебінде — 88 мың.

Жаңа мектептер жеті түрге бөлінеді: 300, 600, 900, 1200, 1500, 2000 және 2500 орын. Олардың әрқайсысында робототехника кабинеттері, бірнеше зертханалар, ауданы 88 шаршы метр хореография залы, үш коворкинг (бастауыш сынып оқушылары, орта сыныптар мен мұғалімдер үшін) болуы керек. Мектептерде бастауыш сыныптарға (9х18 м) және орта/жоғары мектепке (36х18 м) арналған жеке спорт және жаттығу залдары болады. Әр сыныпта интерактивті мектеп тақтасы мен компьютерлер болады. Жобаның жалпы бюджеті — 2,6 трлн теңге.

Жақын арада SK Construction ашық конкурс өткізеді, онда кешенді қызметтерді жеткізушілер анықталады: яғни жобалау да, құрылыс та. Олар «кілтпен» мектептер салуы керек және құрылыс фактісі бойынша ақы алады. Конкурс туралы хабарландыру 20 ақпанға дейін ашық түрде жарияланады.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарЖайлы мектепжоба

Соңғы жаңалықтар

«Қыз Жібек» түсірілген Күрті су қоймасы қайта жанданды: туристер легі артып, ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

«Таза Қазақстан»: Байсеркеде ауқымды сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
02.05.2026

Іле ауданында Бірлік күніне орай сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Іле ауданында 1 мамыр кең көлемде аталып өтті: футбол маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

Алматы облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz