Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Жайлы мектеп»: Алматы облысының аудандарында қанша мектеп салынады?

Бұған дейін Алматы облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 мектеп салынуы керек болған. Алайда, биыл ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан салынатын мектептер санын оңтайландырып, 63 мектепті 54 900 орындық 53 мектепке азайту ұсынылған, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

03.08.2023
Аймақ

Ал бүгін қай аудандарда қанша мектеп бой көтеретіні белгілі болды. Атап айтқанда:

  • Еңбекшіқазақ ауданы – 11 (2 мектепке қысқарды);
  • Жамбыл ауданы – 7 (1 мектепке азайды);
  • Іле ауданы – 12 (2 мектепке азайды);
  • Қарасай ауданы – 10 (2 мектепке қысқарды);
  • Талғар ауданы – 11 (З мектепке азайды);
  • Қонаев қаласы – 2 (өзгеріссіз қалды).

Білім басқармасының мәліметінше, 2023-2024 жылдар аралығында 26 мектеп, 2024-2025 жылдары 27 мектеп салу жоспарланған.

Сонымен қатар өңірде жобаны жүзеге асыру үшін мәселе туындап отыр. Биыл салынуы жоспарланған 20 оқу ордасының жобасына «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тарапынан бірқатар өзгерістер (автотұрақ жерін кішірейту, оқу ордасы аумағында салынған нысандарды бұзып, қайта салу, құжат рәсімдеу) енгізіліп, сын-ескертпелер берілген. Анықтама ретінде айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасын іске асырудағы бас оператор – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. Аталған мәселеге байланысты 6 шілде күні кеңейтілген отырыс өтіп, жобаның жүзеге асу уақыты нақты белгіленген жол картасы әзірленді.

Айта кетейік, Алматы облысында үш ауысымда оқытатын 51 мектеп бар. Онда 87 362 оқушы оқиды, тапшы орын саны – 28 936. Ал жалпы өңірде 330 395 оқушы бар.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарЖайлы мектеп

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы саяжайлар сүріле ме? Қала билігі тұрғындарды алаңдатқан мәселеге жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында мал шаруашылығын дамытуға арналған екі суат салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында 29 қарашада өтетін мәслихат сайлауына дайындық басталды

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысына келген туристер саны 30 пайызға жуық артты

Қорлан Нұрланқызы
19.10.2026

Алматы облысында қоқыс полигоны өртенді

Қорлан Нұрланқызы
17.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz