Жаңа бөлімше алты елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Бұл – 6,7 мыңнан астам тұрғынды қамтитын маңызды инфрақұрылым нысаны.
Ұқсас жоба Саты ауылында да жүзеге асырылады. Кеген ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Батырханұлы Мұхтар қауіпсіздік инфрақұрылымын дамытуға дайын екенін білдірді.
Ұзынбұлақ пен Саты ауылдарындағы бұл жобалар – әкімдік, белсенді азаматтар мен жанашыр кәсіпкерлердің күш біріктіруі арқылы ауылдық жерлерде қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған жарқын мысал.





