Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы Алматы облысында өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бас директорының орынбасары Шамек Тілеубаев айтты.

04.04.2023
Аймақ

2019 жылы республика көлемінде қолға алынған «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының нәтижесінде 2020 жылы жинақ кітап басылып шықты. Аталған ірі жоба енді өңірде жалғасын таппақ.

«Қазақ халқының тарихи-мәдени өмірін тереңінен зерттеп, заман ыңғайына қарай бұрмаланған тарихымызды қайта қарап, шынайы бағасын беру мақсатында бастау алған аталмыш жоба 100 тарихи тұлғаның тізімін жасаумен ғана шектелмей, жаңа 7 томдық академиялық басылым әзірлеп жатыр. Көлемді еңбекте осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген жаңа тарихи деректер мен есімдер, шаң басқан мұрағаттағы ақпараттар жарыққа шығады», – деді Шамек Тілеубаев.

Ал Қарадала және Кеген өңірлеріндегі тарихи зерттеу жұмыстары 3 кезең бойынша өткізіледі. Алғашқы экспедиция кезеңі сәуір айының 7-9 күндеріне белгіленген. Бұл күндері Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары жұмылып аймақтағы археологиялық нысандар мен мұрағаттарда зерттеу жүргізбек. Зерттеу нәтижелері жобаның екінші кезеңінде, арнайы конференцияда қоғам назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр.

Қорытынды үшінші кезең қыркүйек-қазан айларында әйгілі «Қарадала» шайқасының 340 жылдығына орай үлкен мәдени іс-шара ретінде өтпек.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржоба

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz