Жиынға Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А.Қ.Бегимбековпен және басқарма өкілдері, Алматы облысы бойынша 30-дай табиғи монополиялар субъектілері қатысты, оның ішінде ірі базалық субъектілері «Alatau Public Utilities» ЖШС, «Қонаев су арнасы» МКК, «Жылу орталығы» МКК, «Алматыгазсервис Холдин» АҚ, «Іле су» МКК субъектілері қатысты.
Кеңес барысында энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру, жобаның маңыздылығы және коммуналдық қызметтерге әлеуметтік тұтыну нормаларына қатысты мәселелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, жиналысқа қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша толық жауап алды.





