Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұлттық экономика министрі Қонаев қаласындағы өндірістік нысандарды аралады

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Әлібек Қуантыров «Маревен Фуд Тянь-Шань» азық-түлік өндіру зауытына барды.

10.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Мұнда ол тез дайындалатын макарон өнімін, алкогольсіз сусын мен дәмдеуіш өндіру процесімен танысты. Жергілікті өнім жақын және алыс шет елдерге экспортталады.

Кәсіпорын 2018 жылдан бері жұмыс істейді. 850 адамды жұмыспен қамтып, қала экономикасында маңызды орын алып отыр. Олардың көпшілігі – жақын маңдағы елді мекен тұрғындары.

«Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша зауытты іске қосу үшін қажетті инфрақұрылым жүргізуге көмек көрсетілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 593 млн. теңге тартылған. Жалпы кәсіпорынға салынған инвестиция көлемі 35 млрд. теңге. Өндірістік қуаты жылына 85 мың тонна дайын өнімге жетеді.

Фото: Аслан Қажеке

«Маревен Фуд Тянь-Шань» басқарушы директоры Станислав Дегтяревтің айтуынша, кәсіпорынды тиімді дамыту үшін экспорттық қосымша құн салығын қайтару мәселесін шешу қажет.

«Сондай-ақ жаңа өндірістік желілерді орнату үшін қосымша газ, су және электр қуаты қажет. Болашақта логистикалық қолжетімділікті жақсарту үшін тағы бір теміржол желісі тартылуы тиіс», — деді ол.

Фото: Аслан Қажеке

Сонымен қатар министр балық өнеркәсібі кешені құрылысымен танысты. Оның жалпы қуаты – жылына 10 мың тонна теңіз балығы. Баррамунди (аустралиялық сибас) балығын өсіру ойда бар. Бүгінгі таңда барлық жұмыстар аяқталып, бассейндердің іргетасы қаланды.

Құны 67 млрд. теңге болатын кешенді іске қосу балық импортын алмастыруға ықпал етеді. Экспорт көлемін де ұлғайту жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, кәсіпорында 500 адамға арналған жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Фото: Аслан Қажеке

«Инфрақұрылым жүргізу қажет. Біз сумен, газбен жабдықтау, электр мен кәріз желілерін тартуға бюджеттік өтінім бердік. Мақұлдануын күтеміз. Барлығы 900 млн. теңге», — дейді зауыт өкілдері.

Министр көтерілген мәселелер Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, мұқият зерделенетінін айтты.

​«Жалпы мұндай кәсіпорындар өңірге, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет», — деді министр.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz