Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында газбен қамту желісі кеңейіп жатыр

Алматы облысында елді мекендерді табиғи газбен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Бұл бағытта айрықша назарға іліккен өңірлердің бірі - Ұйғыр ауданы. Жуырда Шарын ауылында ұзындығы 64 шақырым болатын газ құбырының құрылысы аяқталып, 1 200-ден астам үйге газ берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Сонымен қатар мектеп, аурухана, балабақша, мешіт және әкімшілік ғимараттар да газ жүйесіне қосылды.

Қазіргі таңда Ташқарасу мен Бахарқ ауылдарында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жақын арада бұл елді мекендерде тағы 978 үй мен әлеуметтік нысандар көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда.

Ауқымды жоба Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Бас газдандыру схемасы және Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Жобаны «QazaqGaz» ұлттық компаниясының құрамындағы «АзияГаз Чунджа» ЖШС жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алған.

“Бүгінде облыс тұрғындарының 77 пайызы, яғни 1,2 миллионнан астам адам табиғи газды тұтынуда. Барлық бес қала мен 152 ауылдық елді мекен газбен қамтылды. Әсіресе, Ұйғыр ауданы тұрғындары үшін бұл — тұрмыс сапасын жақсартатын маңызды қадам. Біз осы игі істі жалғастырып, бағдарламаға енгізілген әрбір ауылды сапалы әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз”, — деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жобаның табысты жүзеге асуына мемлекеттік құрылымдар мен сала мамандарының үйлесімді ынтымақтастығы ықпал етуде.

“Бұл Мемлекет басшысының азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларының нақты жемісі. Жергілікті атқарушы органдар мен газ саласы мамандарының тынымсыз еңбегі
еліміздің тұрақты әрі заманауи газ инфрақұрылымын қалыптастыруға қосылған қомақты үлес”, — деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ құқықтық мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Абзалбек Сұлтанбек.

Айта кетейік, бүгінде облыстағы 373 елді мекеннің 157-сі, соның ішінде барлық бес қала газға қосылған. Жалпы ұзындығы 4 200 шақырымнан асатын газ желілері жұмыс істеп тұр. Өңірдің жылдық газ тұтыну көлемі 200 миллион текше метрден асады.

Кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан газдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді. Әсіресе, ауылдық елді мекендерді қамту басты басымдықтардың бірі болып отыр. Бұл бастама өңір экологиясын жақсартып, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға сеп болмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz