Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Тұрғындар пәтер кілтін асыға күтуде» — Қонаев қаласының әкімі мердігерді сынға алды

Бүгін Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев бірнеше құрылыс нысанын аралады, - деп хабарлайды Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мөлдір Иманмади
08.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қатарында 10 шағын ауданда құрылысы ұзаққа созылған 60 пәтерлі үш тұрғын үй бар. Көпқабатты үйлердің сыртқы және ішкі жұмыстары әлі аяқталмаған. Қаланың коммуналдық қызметі барлық инфрақұрылымды тартып қойса да, үй желілерге қосылмаған.

«Сіздер жұмысқа селқос қарамасаңыздар, жаңа жылда 180 отбасы баспаналы болар еді. Бекітілген мерзімнен 2 айға кешігіп жатсыздар. Құрылыс бөлімі олқылықтардың орнын толтыру бағытындағы 5 хат жолдаған, енді сіздердің компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа берді. Ең бастысы, сіздер түсінулеріңіз керек, үй кезегінде тұрғандар пәтер кілтін асыға күтіп отыр. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, мүгедектер және т.б. әлеуметтік осал топтағы жандар бар», — деді Нұрлан Құматаев «SHEBERBUILD» ЖШС өкілдеріне қарата сөйлеп.

Үй құрылысынан бөлек, аулаларды абаттандыру да басталмаған. Шаһар басшысы мердігер компаниямен бірге тапсырыс беруші ТҮКШ мен құрылыс бөлімі де жауапқа тартылатынын айтты.

Сондай-ақ ол «SHEBERBUILD» ЖШС Қонаевта құрылысы жүріп жатқан басқа нысандарда мердігер екенін атап өтті. Олардың да жұмысы мерзімінен кеш қалған. Сондықтан әкімдік компанияны жауапсыз деп тану үшін сотқа жүгінбек.

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz