Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Таза орта – саналы қоғам» акциясы өтті

Жалпыреспубликалық экологиялық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматы облысы Талғар ауданында «Таза орта – саналы қоғам» атты экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
03.07.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және азаматтарды табиғатты қорғауға тарту.

Акцияға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында қоғамдық ұйым өкілдері, экологиялық еріктілер, мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар болды. Қатысушылар парк аумағын, орман алқаптарын, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді қоқыстан тазартты.

Шара аясында қалдықтарды сұрыптау, екінші шикізатты қайта өңдеу және тұрақты тұтыну тақырыптарында оқыту сессиялары мен дәрістер өтті. Бұл сабақтар азаматтардың экологиялық санасын арттырып, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталды.

Жастар мен аға буынды тартуға ерекше көңіл бөлінді. Талғар ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Айтжамал Нұрбатырова:
«Тазалық отбасынан басталады. Өйткені, өмірлік құндылықтар – еңбекке, табиғатқа және айналадағы адамдарға деген құрмет – ең алдымен отбасында қалыптасады. Осындай шаралар өскелең ұрпаққа туған жер мен табиғатқа деген жауапкершілікті үлгі етудің тиімді жолы», – деп атап өтті.

Нәтижесінде шамамен 4 тонна қоқыс жиналып, 10-нан астам техника жұмылдырылды. Осындай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz