Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Тaza Қазақстан»: Алматы облысында «Бүгін тазалық — ертең саулық» акциясы өтті

Алматы облысында қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Соның аясында 31 шілде күні Іле ауданында «Бүгінгі тазалық – ертеңгі саулық!» атты кең көлемді экологиялық акция өтті.

Шараға 150-ден астам адам – эковолонтерлер, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты. Олар қоғамдық аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жасыл желек отырғызды. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру және қалдықтарды басқарудың тиімді жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іле аудандық мәслихатының депутаты Алмасбек Қожабекұлы Сатыбаев акция қатысушыларын құттықтап, әр азаматтың мұндай шараларға белсенді атсалысуы – еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен салауатты болашағына қосқан үлесі екенін атап өтті.

Нәтижесінде аудан аумағынан шамамен 3 тонна қоқыс шығарылып, 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қоғам белсенділері мұндай шараларды жүйелі түрде өткізуге ниетті екендерін жеткізді.

Бұл акция – облыс көлемінде іске асып жатқан ауқымды экологиялық бастаманың бір бөлігі. Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» науқанына 242,5 мың адам және 8 836 кәсіпорын мен ұйым қатысып, 7,1 мың тонна қоқыс жиналды. Сонымен қатар, 76 702 түп ағаш және 14 мың келі әртүрлі ағаш тұқымының дәні отырғызылып, 2 749 техника жұмылдырылды. 429 мектепте 11,2 мың түп ағаш егілді.

Тазалық жұмыстары аясында 3 048 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 55 саябақ пен сквер, 906 тарихи-мәдени ескерткіш және 1 055 әлеуметтік нысан ретке келтірілді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында арнайы медиажоспар әзірленіп, жыл басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 22 мыңнан астам материал жарияланды. Сондай-ақ, Telegram-бот арқылы экологиялық мәселелерді қабылдау жолдары кеңінен түсіндіріліп, бұл бағытта 200-ден астам материал интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, тұрғындардың чаттарында және облыстық ақпарат құралдарында жарияланды. Облыс аумағына 43 тақырыптық баннер орнатылды.

«Таза Қазақстан» — бұл тек тазалық жұмыстары емес, бұл мемлекет, бизнес және қоғам күшін біріктіріп, болашақ ұрпаққа таза орта қалдыруға бағытталған кең ауқымды қозғалыс.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz