Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғарда заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді

Алматы облысының Талғар қаласында №17 өрт сөндіру депосы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жаңа нысан 65 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрт сөндіру бөлімшелерінің төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін едәуір арттырады.

Жаңа депоның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Дәурен Оразбеков, сала ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Заманауи талаптарға сай салынған нысан

Жалпы ауданы 1154 шаршы метрді құрайтын өрт сөндіру депосы модульдік технология негізінде салынған. Ғимарат халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және болашақта кеңейтуге мүмкіндік беретін заманауи құрылыс шешімдерімен жабдықталған.

Нысанда арнайы техникаларға арналған кең көлікжай, жөндеу шеберханалары, оқу кабинеттері, спортпен шұғылдану залдары, демалыс бөлмелері және соңғы үлгідегі диспетчерлік әрі радиобайланыс жүйелері қарастырылған.

Өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлініп, депо аумағында қызметкерлерге арналған төрт қызметтік пәтер салынған.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов жаңа депоның өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, бұрын пайдаланылған ғимарат қазіргі талаптарға сай келмеген әрі Талғар қаласының қарқынды дамуы мен халық санының артуы өрт сөндіру қызметінің жаңа инфрақұрылымын қажет еткен.

«Біз бүгін жай ғана жаңа нысанды пайдалануға беріп отырған жоқпыз. Бұл – уақыт талабынан туған маңызды жоба. Елді мекендердің арақашықтығы мен жолдардың ұзындығы төтенше жағдайларға жедел жетуге қиындық туғызатын. Жаңа депоның іске қосылуы оқиға орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартады. Ал төтенше жағдайда әрбір секундтың маңызы ерекше», – деді министр.

Шыңғыс Әріновтің айтуынша, депо орналасатын орын арнайы сараптамалардың нәтижесінде таңдалған. Құрылыс небәрі 100 күнде аяқталып, жобаның жалпы құны шамамен 350 миллион теңгені құрады. Нысан республикалық бюджет есебінен Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен және Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен салынған.

Министрдің айтуынша, соңғы уақытта Алматы облысында өрт қауіпсіздігін күшейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Бұған дейін дәл осындай заманауи өрт сөндіру бөлімдері Кеген ауданында және Шыңгелді ауылында пайдалануға берілген. Алдағы уақытта Шелек ауылында жаңа депоның құрылысы басталады. Сонымен бірге Қарасай, Іле және Еңбекшіқазақ аудандарында да жаңа өрт сөндіру бөлімдерін кезең-кезеңімен ашу жоспарланған.

Өрт сөндірушілерге жаңа техника мен қызметтік пәтерлер табысталды

Салтанатты шара барысында жаңа депоның құрылысына үлес қосқан азаматтар ведомстволық марапаттарға ие болды.

Сонымен қатар, өрт сөндіру бөлімшесіне «Toyota Hilux» жедел әрекет ету автокөлігі мен АЦ-5-40 КамАЗ өрт сөндіру техникасының кілттері тапсырылды. Бірқатар қызметкерге қызметтік пәтерлердің кілті табысталса, жаңа депоның кілті аға лейтенант Ришат Рахимовқа берілді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде құтқарушылардың қоғамдағы ерекше рөліне тоқталды.

«Төтенше жағдайлар қызметі – мемлекетіміздің берік қалқаны, ал құтқарушылар – бейбіт күннің батырлары. Бұл мамандық кәсіби дайындықпен қатар, батылдық пен Отанға адал қызмет етуді талап етеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде құтқарушыларды заманауи техникамен қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы биыл Нарынқол, Кеген, сондай-ақ Талғар ауданындағы Жаңалық және Нұра ауылдарында да модульдік үлгідегі жаңа өрт сөндіру деполары пайдалануға берілгенін атап өтті.

Жаңа өрт сөндіру депосында тәулік бойы 18 қызметкер кезекшілік атқарады. Олардың қарамағында төрт өрт сөндіру автокөлігі және бір Toyota Hilux жедел әрекет ету көлігі бар.

Салтанатты рәсім барысында жаңа ғимараттың қызыл лентасы қиылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Қонақтар депоның материалдық-техникалық базасымен танысып, өрт сөндірушілердің жұмысына жасалған жағдайды көрді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жол қозғалысы қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
13.07.2026

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – тұрақты қоғамның негізі

Диана Ахметова
13.07.2026

Қауіпсіз аула – қауіпсіз қоғамның бастауы

Диана Ахметова
13.07.2026

Талғарда заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.07.2026

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz