Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғарда полицейлер суға кеткен азаматты аман алып қалды

Талғар ауданында полиция қызметкерлері суда қалып қойған жергілікті тұрғынды дер кезінде құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оқиға кешкі уақытта орын алған. Ер адам Талғар өзеніндегі шағын аралға барған. Алайда кенеттен күшейген су ағысы оның өз бетімен жағаға шығуына мүмкіндік бермеген.

Департаменттің хабарлауынша, көмекке полицейлер жедел жеткен. Талғар ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Нұрғалиев аға лейтенанттар Арман Сарманов және Еркебұлан Сәкеновпен бірге оқиға орнына аттанған.

«Жағдайды бағалап, зардап шегушінің өміріне төнген қатерді ескерген басқарма бастығының орынбасары суға өзі түсіп, қатты ағынға қарамастан ер адамды жағаға алып шықты», – деп хабарлады ведомство.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат дін аман қалды.

Алматы облысы полиция департаменті тұрғындарды су айдындарында сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz