Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер екі қарияның өлі денесін тапқан. Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қылмысты ашу үшін тәжірибелі мамандардан құралған арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Тергеу барысы ішкі істер органдарының ерекше бақылауында.
«Күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету басты назарда», – делінген ресми хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат әзірге жарияланған жоқ. Полиция тұрғындарды ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.





