Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, күдікті ер адам ұзақ жылдар бойы алкогольге салынған. Оқиға күні ол қатты мас күйінде өз баласына қол көтергені айтылып жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.
Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесі туралы хабарды отбасының бір туысы полицияға жеткізген. Оқиға орнына жеткен полицейлер әкені алкогольдік масаң күйде ұстады.
Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық істің «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді.
«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні мас күйінде ұстады. Үйден қылмыстың құралы болуы мүмкін пышақ тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар арасында қайғылы оқиғаға байланысты үлкен резонанс туындады.





