Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында әйелдің өлімі: азаматтық жұбайы күдікті ретінде ұсталды

Алматы облысының Талғар ауданында азаматтық некедегі жұбайын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Рысқұлов ауылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Жанжал барысында күдікті әйелге екі рет пышақ сұққан.

Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Оқиға кезінде марқұмның бес жасар қызы да үйде болғаны анықталды. Жәбірленушіні туыстары жарақаты таңылған күйде тауып алған. Олар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні сол мезетте ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz