Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні Рысқұлов ауылында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан. Жанжал барысында күдікті әйелге екі рет пышақ сұққан.
Ауыр жарақат алған әйел бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Оқиға кезінде марқұмның бес жасар қызы да үйде болғаны анықталды. Жәбірленушіні туыстары жарақаты таңылған күйде тауып алған. Олар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні сол мезетте ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталған соң заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.





