Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Суды үнемдеп пайдалану технологиясына 3,5 млрд теңге қарастырылады – облыс әкімі

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ауыл шаруашылығы күніне орай өткен салтанатты жиында «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы Хамза Бабалықовтың сұрағына осылай деп жауап берді.

13.12.2022
Аймақ

«Біз Жамбыл ауданына қараймыз. Суармалы жердің көлемі – 3,5 мың гектар. Оның барлығы тамшылап суару әдісіне өткен. Дегенмен, су тапшылығы мәселесі 3 жылдан бері өз шешімін таппай келеді. Әр гектарға кем дегенде 800 мың теңге жұмсап, тамшылап суаратын арнайы құрал-жабдықтарды қойдық. Дәнді дақылдарды еккеннен орғанға дейінгі шығынның бәрі жердің астына көміліп қалайын деп тұр», — деді ауыл шаруашылығының көкейкесті мәселесін көтерген Хамза Бабалықов.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев та мәселенің бар екенін теріске шығармады. Оның айтуынша, су тапшылығы тек Жамбыл ауданының ғана емес, Қонаевтың өзінде де түйіткілді проблемаға айналды.

«Бір жағынан Іленің деңгейі түсіп кетті, екінші жағынан таудан келетін су көлемі азайды. Сондықтан суды үнемдеп пайдалану технологиясына көшуіміз керек. Ол үшін Ұйғыр ауданында 4, Алматы қаласына шалғай жатқан облыс аудандарына 2 бөген салынбақ. Ал қазіргі жұмыс істеп тұрған 5 бөген толығымен тазаланады», — деді өңір басшысы.

Аталған жобаны әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жүзеге асырады. Бұған жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңге қарастырылмақ.

Тегтер: Марат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz