Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шымкенттік спортшылар Қонаев қаласы әкімінің кубогін жеңіп алды

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өткен демалыс күндері Қонаев қаласында волейболдан қала әкімінің кубогі үшін алғашқы турнир өтті. Әуесқой ересектер арасында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің түрлі өңірінен 12 команда қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Турнирдің ашылу салтанатында Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков спортшыларды құттықтап, жылы лебізін білдірді:

«Қонаев қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері алғаш рет әкім кубогі өтіп отыр. Бұл бастаманың жалғасы ретінде қаламызда түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар жаңа спорт нысандарының құрылысы жоспарлануда. Баршаңызға сәттілік тілеймін!» — деді ол.

Турнирдің алғашқы күні топтық ойындар өтіп, жартылай финалға «Жаркент-Талды», «Жетісу облысы», «Шымкент», «Ширин» командалары өтті. Финалда Шымкент қаласының спортшылары үздік ойын өрнегін көрсетіп, 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Ұйғыр ауданының командасы иеленсе, 3-орын «Жетісу облысы» командасына бұйырды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар жеке номинациялар бойынша үздік спортшылар анықталып, олар:

  • Үздік ойыншы
  • Үздік үйлестіруші
  • Үздік тосқауылшы
  • Үздік шабуылдаушы

аталымдары бойынша марапаттарға ие болды.

Қонаев қаласында өткен бұл турнир өңірдегі волейбол спортының дамуына тың серпін бермек.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz