Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шеңгелдіге тағы бір мектеп салу қажет — Марат Сұлтанғазиев

Апта сайынғы дәстүр бойынша бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тағы бір елдімекенді аралап шықты.

18.07.2023
Аймақ

Бұл жолы өңір басшысы Қонаев маңындағы Шеңгелді ауылдық округіне ат басын бұрды. Мұнда ол ең алдымен күрделі жөндеуді қажет ететін дәрігерлік амбулатория жұмысымен танысты. Қазір ауылда халық саны көбеюіне байланысты ақ халаттылардың көмегіне жүгінетіндер де артқан, яғни, заманауи жабдықтарға да, жаңа кабинеттерге де қажеттілік туындап отыр. Алдын ала есеп бойынша нысанды жөндеуге 547 млн теңге қажет. Жобалық-сметалық құжаты дайын, енді жұмысқа кірісе беруге болады.

Ал Қ. Жалайыри атындағы мектепте асхана болмағандықтан, балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі күрделі болып тұр. Облыс әкіміне мектеп басшылығы асхана ашуға болатын жерді көрсетті. Оның жөндеуіне ақша бөлініп, 1 қыркүйектен бастап оқушылар ыстық тамақпен қамтылады. Алайда, Марат Сұлтанғазиев елдімекенде тағы бір мектеп салу қажет екенін айтты.

«Оқу ошағы 1970 жылдары салынған, ескі екені айтпаса да түсінікті. 1000-нан астам бала екі ауысымда оқып жатса да, мектеп 900 орынға шақталған. Құрылыс басқармасына жаңа мектеп салу үшін құжаттарын түгендеуді тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар ол Сарыбұлақтағы сорғы стансасының, Шеңгелдідегі ауыз су мұнарасының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда суару жүйесінің тозығы жеткен әрі суға кететін шығын көп. Аталған мәселені шешу үшін 5 млрд теңгеден астам қаржыға арнайы жоба жасалып жатыр. Ал тозығы жеткен сорғы стансасын мемлекетке қайтару керек.

Келесі аялдама Қосқұдық ауылы болды. Мұнда инвестордың ақшасына 100 орындық мектеп салынуда. Әкім осы оқу жылында білім ошағын қолданысқа беру үшін ауланы абаттандыруға көмек көрсетілетінін айтты.

Қосқұдықта екі кәсіпорын жұмыс істейді. Оның бірі — кірпіш зауыты болса, екіншісі — минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт. Марат Сұлтанғазиев өндіріс ошақтарының басшыларымен тілдесіп, болашақта Қонаев қаласында жүргізілетін құрылыста кірпіш зауытының көп көмегі тиетінін тілге тиек етті.

Іссапар соңында тілшілерге сұхбат берген әкім Қонаев маңындағы елдімекендерді қалатектес ету үшін бірқатар шаралар қабылданып, әлеуметтік нысандар салынатынын атап өтті.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz