Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Sheksiz Mümkindikter» инклюзивті лагері ерекше балаларға жаңа мүмкіндіктер ашуда

«Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған «Sheksiz Mümkindikter» инклюзивті лагері өз жұмысын бастады. Биылғы алғашқы маусым Алматы облысында өтіп, лагерьге 50 отбасы қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алты күн бойы балалар бейімделген спорт түрлерімен – бочча, тетербол, футбол, корнхол және садақ атумен шұғылданып, шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысты. Олар робототехника, аспаздық, гипс пен балауыздан бұйым жасау және сурет салу арқылы өз қабілеттерін шыңдады. Сонымен қатар, лагерьде мотивациялық кездесулер, психолог мамандармен жеке кеңесулер, ата-аналар мен балаларға арналған бірлескен дамытушы іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Бұл жоба – жай ғана лагерь емес, бұл – инклюзивті қоғам құруға бағытталған маңызды бастама. Мұнда әр бала дос тауып, өз әлеуетін ашуға мүмкіндік алады. 2022 жылдан бері бұл жоба 650-ден астам ерекше баланы қамтыды. Биыл біз сонымен бірге 400 балаға арналған “Туған елге саяхат” кәсіби бағдар пойызын іске қосамыз. Бұл сапарлар арқылы балалар еліміздің мәдени және өндірістік нысандарымен танысады», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

Ата-аналар лагерьдің осы форматта өтуін аса маңызды деп санайды. Себебі еліміздегі көптеген лагерьлер мен санаторийлер ерекше қажеттіліктері бар балаларға бейімделмеген. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асып келе жатқан бұл жоба церебралды сал ауруы (ДЦП), аутизм, көру қабілетінің бұзылуы, психикалық және сөйлеу дамуының тежелуі, тірек-қимыл аппаратының зақымдануы бар 650-ден астам баланы қамтыды.

2025 жылы лагерь ауқымы кеңейіп, жаңа форматта өтеді. Алматы және Ақмола облыстарында бес ауысым жоспарланған. Қонаев қаласындағы демалыс орнында үш спорттық ауысым өтсе, Бурабайда екі шығармашылық ауысым ұйымдастырылады. Бағдарлама балалардың физикалық, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ отбасылық байланыстарды нығайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды.

Жоба инклюзивті орта қалыптастыруға үлкен үлес қосып отыр: лагерьде балалар өз қабілеттерін дамытып, ата-аналар қолдау мен қажетті білім алады. Лагерьден кейін де бұл жұмыс жалғасады – балалар спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысып, әлеуметтік бейімделу бағдарламалары арқылы дамуын жалғастырады.

Игі бастама «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және Орталық Азиядағы «ДЦП Life» қорының серіктестігімен жүзеге асырылуда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz