Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Райымбекте «Спорт — ұлт денсаулығының кепілі» фестивалі өтті

Алматы облысының агроөнеркәсіп пен мал шаруашылығы дамыған жетекші өңірлерінің бірі – Райымбек ауданы құрылғанына 90 жыл толуын кең көлемде атап өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Мерейтой аясында аудан аумағында онға жуық мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылмақ.

Райымбек ауданы облыстағы ірі аграрлық аймақтардың қатарында. Мұндағы агроөнеркәсіп саласының жылдық бюджет көлемі 46 миллиард теңгеден асады. Сонымен қатар, соңғы жылдары туризм бағыты да қарқынды дамып келеді. Өткен жылы ауданға шамамен 25 мың турист келген.

Мерейтойлық іс-шаралардың ашылу салтанатында аудан әкімі Дастан Құдабаев 90 жылдық мерекенің жоғары деңгейде өтетінін атап өтті.

«Мерейтойға орай спорттық, мәдени-көпшілік және туристік бағыттағы бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Соңғы жеті жылда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы айтарлықтай жақсарды. Мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Инфрақұрылым дамып, мектептер мен ауруханалар салынуда, жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда. Бұл туризмнің дамуына да оң әсерін тигізді. Биыл бекітілген туристік маршруттарға асфальт жолдар төселеді, қажетті бюджет толық бекітілді», – деді әкім.

Ауданның 90 жылдығы аясында он күнге созылатын он түрлі іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл күндері фестивальдер, форумдар, концерттер, шығармашылық кештер, айтыс, пресс-тур және өзге де мерекелік шаралар өтеді.

Алғашқы іс-шара ретінде аудан тұрғындарының қатысуымен «Спорт – ұлт денсаулығының кепілі» атты денсаулық фестивалі ұйымдастырылды. Онда көңілді спорттық ойындар, шана жарысы, шаңғы сайысы және белсенді жарыстар өтті.

Фестиваль барысында көрермендердің ерекше қызығушылығын шаңғы жарысы тудырды. Бұл сайыста Сарыжаз ауылының 60 жастағы тұрғыны Жанболат Сұлтанғазиев тағы да топ жарды. Ол бірнеше жылдан бері өз жас санатында көш бастап келеді.

Спортшы республикалық жарыстар мен Президент кубоктарында да жүлделі орындарға ие болған. Қыста күнделікті 20-30 шақырым аралығында шаңғымен жаттығу жасайды.

«Біздің ауылда тұрғындардың 70 пайызы шаңғы тебеді. Өзім бұл спортпен 30 жылдан бері айналысамын. Қыс бойы күн сайын жаттығамыз. Жеті жастағы балалардан бастап, жетпістегі қарияларға дейін шаңғыға шығады. Соңғы 15 жылда бірінші орынды ешкімге берген емеспін», – деді ол.

Фестиваль қорытындысы бойынша Сарыжаз ауылы бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Қарасаз ауылы, үшінші орынды Нарынқол ауылдық округі жеңіп алды.

Жеңімпаздар аудан әкімінің кубогы, медальдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Кеген ауданында ірі өндіріс орындары салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Алматы облысында қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысы басталды

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2026

Қытай инвесторлары Қазақстанның агросекторына қызығушылық танытты

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Алматы облысында шегірткеге қарсы ауқымды науқан басталады: 1,8 млн гектар жер бақылауға алынады

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

Қонаевта денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері талқыланды

Мөлдір Иманмади
16.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz