Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы жол апаты: марқұмдардың туыстары соттың әділ өткенін қалайды

Бұған дейін жазғанымыздай, 30 қаңтар күні Алматы мен Қонаев қаласының аралығындағы тас жолдың 54 шақырымында ірі жол апаты болды.

07.02.2023
Аймақ

Салдарынан «Ford Mondeo» көлігінде болған Қонаев қаласының ерлі-зайыпты тұрғындары көлігімен өртеніп кетті.

Жол апаты болған уақытта Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Мейрам Абикеев «Мерседес» автокөлігін басқарған азаматтың жылдамдықты асырғанын, «Форд» көлігінің артынан қаққанын айтты.

ПД-нің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған апатқа байланысты дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағына сәйкес тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып кетті. Бұл жұмыс 1,5 айға созылады. Тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Адам өліміне әкелген жол апаты туралы іс Қонаев қалалық сотында қаралады.

Ал қаза тапқан ерлі-зайыптылардың туыстары соттың әділ шешім шығаруын қалайды.

«Мерседесті 98 жылғы М. есімді азамат жүргізген. Қазіргі таңда ЖКО жазылған ешқандай бейнежазба жоқ. Ал Алматы облысы ПД басында сол жүргізушіні ұстаған, кейін дәлелдің аз болуына байланысты оны облыстық прокуратура бостандыққа жіберген. Марқұмдардың жаназасы шыққан күні М. есімді азаматтың туыстары келіп, не көмек керек екенін сұрады. Өздері қымбат көлік мініп алған. Бірақ содан кейін тергеуші де, туыстары да бой көрсетпеді. Жол апаты болған сәтте жүргізушінің қасында болған адам туралы да еш ақпарат жоқ. Біздің қалайтынымыз — барлық тексеру жұмысы аяқталған соң, соттың әділ шешім шығаруы», — деді туыстарын жоқтаған Ахатаева Ақбөкен.

Марқұмдардың 4 баласы бар. Үлкені жақында әскерден келген 20 жастағы жігіт. Ол қазір әскери бөлімшеге жұмысқа орналасқан. Артында екі қарындасы, інісі бар. Олар сол 20 жастағы ағаларының қамқорлығына өткен. Әке-шешесіз қалған балалар тұрып жатқан Қонаев қаласындағы 4-саяжайдағы үй банкте кепілдікте тұр.

Тегтер: Алматы облысыЖол апатыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz