Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтағы жалғыз инватакси істен шықты — қоғамдық бірлестік өкілі облыс әкіміне арызданды

Келесі жылы Қонаев қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтары инватаксисіз қалуы мүмкін екенін айтып, «Қамқор жүрек» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ләззат Салықова облыс әкіміне арызданды.

23.12.2022
Аймақ

Оның айтуынша, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін мемлекеттік 1 ғана инватакси бар. Оның өзі апаттық жағдайда тұрғандықтан, қызмет көрсетуге жарамсыз.

«Қала бойынша жарамсыз мемлекеттік инвакөліктен бөлек, біздің бірлестікке тиесілі 1 ғана инватакси бар. Оны біз 2019 жылы сатып алғанбыз. Ендігі жылдан бастап қызмет көрсетуді тоқтатқалы отырмыз. Себебі, бұл саланың жұмысы бір жолға қойылмаған. Жергілікті экономика бөлімі инва сағатты қалай есептейтінін түсінбеймін. Олардың есебі дизель отынының, бірлестік қызметкерлерінің еңбекақысын, техникалық жөндеу шығынын еш өтемейді. Ал мұндай әрекетке бару — бірлестікті тек шығынға батырады. Жаңа инватакси сатып алу керектігі туралы айтып жүргеніме 2 жылдай уақыт болды. Ешкім мені тыңдағысы келмейді. Осы аталған 2 мәселені назарыңызға алуыңызды сұраймын», — деді облыс әкіміне сұрақ қойған Ләззат Салықова.

Өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев болса бұл мәселе тек Қонаев қаласына тиесілі проблема емес екенін айтты.

«2023 жылы Талғар ауданына 6 инватакси сатып алынады. Тиісті құжаттар реттеліп болғанша соның біреуін Қонаев қаласына береміз. Көктемде бюджет мәселесі қаралғанда, сіз айтқан ұсынысты қосамыз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, шаһарда 1400 мүмкіндігі шектеулі тұрғын бар, оның 305-і балалар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыинватаксиМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz