Қазіргі уақытта бұл аумақты 42 кәсіпкер жыл сайын үш ай мерзімге жалға алып, қызмет көрсетеді. Қала кәсіпкерлік бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айдын Әбілқасым соңғы үш жылдағы құқық бұзушылықтар мен әкімшілік хаттамалар статистикасын ұсынды.
Полиция деректері:
Ұрлық – 34 факт (25-і ашылды, 9-ы тергелуде)
Бұзақылық – 18 факт
Денсаулыққа орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру – 3 факт
Әкімшілік құқық бұзушылық – 200-ден астам жағдай, соның ішінде қоғамдық орындарды ластау – 83, мас күйінде немесе ішімдік ішу – 107, алкогольді заңсыз сату – 2 факт
ТЖД деректері:
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу – 91 хаттама, 1,27 млн теңге айыппұл
Су айдындарын пайдалану ережесін бұзу – 65 хаттама, 837,5 мың теңге айыппұл
Мемлекеттік кірістер басқармасы:
Бақылау-кассалық машиналарды дұрыс қолданбау – 17 факт (ескерту жасалды)
Тіркеусіз немесе рұқсатсыз қызмет – 1 факт, 58 980 теңге айыппұл
Кәсіпкерлерден түскен салық көлемі:
2023 жылы – 1,68 млн теңге
2024 жылы – 5,37 млн теңге
Қала әкімі Асхат Бердиханов №5 жағажайдың абаттандырылғаннан кейін туристер ағыны артқанын атап өтіп, қалған жеті коммуналдық жағажайды да кезең-кезеңімен жаңарту жоспарын жариялады. №6 жағажайды абаттандыру жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жұмыстар аяқталған соң кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі қарастырылады, бірақ барлық нормалар қатаң сақталуы шарт.
Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай бастаманы қолдап, қаланы абаттандыру – елді көркейту ісімен тікелей байланысты екенін айтты.
Жиын соңында қатысушылар №6 жағажай аумағын аралап, жағдайымен танысты.





