Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

Мекеме басшысының сөзінше, биыл жылу желілерінің 2,6 шақырымы жөнделеді. Бұл туралы ШЖҚ «Жылу Орталығы» МКК директоры Ержан Шоқан мәлімдеді.

Мөлдір Иманмади
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қазіргі уақытта, оның 1,5 шақырымында жұмыстар аяқталған.

«26 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қалада ыстық су өшіріледі. Бұл шара жөнделген аумақтарды тексеру үшін жасалады. 20 күн ішінде жұмыстарды аяқтауға тырысамыз. Осы уақыт аралығында қазандықтар мен оның жабдықтары да ағымдағы жөндеуден өтпек. Аталған іс-шаралар 2025-2026 жылғы жылыту маусымын үзіліссіз өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 72%-ы орындалды», — деді Ержан Шоқан.

Ал 2026 жылы жаңа 4 қазандық іске қосылады деп жоспарлануда.

Жалпы орталықтандырылған жылыту жүйесіне 32 мыңнан астам абонент қосылған. Оның ішінде 29 мыңы көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттар болса, қалғаны жеке сектор. Жылу орталығында 10 қазандық орналасқан.

Үйлері қатты отынмен жылытылатын тұрғындардың назарына айта кетсек, Сейфуллин көшесіндегі көмір тұйығы жұмыс істеп тұр. Онда қаражыра көмірі сатылуда, бағасы тоннасына 21-22 мың теңгені құрайды.

Тұрғындарға, пәтер иелері кооперативтеріне, қарапайым серіктестіктерге жылыту маусымына 100 пайыз дайындалу қажет екенін ескертеміз. Жылыту батареяларын, сорғыларды, элеваторды тексеріп шығу керек.

Тегтер: Басты жаңалықтаржылыту маусымыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz