Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта жаңа әкімшілік ғимараттар мен спорт кешені бой көтереді

Биыл Қонаев қаласында бірқатар ірі әкімшілік және әлеуметтік нысандардың құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.01.2026
Аймақ, Алматы облысы

Әкімнің айтуынша, 2026 жылы Департаменттер үйі, Оқушылар сарайы, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараттарының құрылысы қолға алынады. Аталған нысандардың тапсырыс берушісі – Алматы облыстық құрылыс басқармасы.

«Барлық нысандар Бас жоспарға сәйкес, Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар күре жолының бойында орналасады», – деді қала басшысы.

Сонымен қатар Қонаевта спорт кешенін салу мәселесі де қарастырылып жатыр. Бұл бағытта Самұрық-Қазына АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілмек.

Бұдан бөлек, қалада бірнеше жылдан бері өзекті мәселе болып келген кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы да биыл басталуы мүмкін. Әкімнің сөзінше, ауқымды жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Тапсырыс беруші – Алматы облысының салалық басқармасы.

«Құрметті депутаттар, менің ойымша, тек ауызбіршілік арқылы ғана ортақ жұмыстың нақты нәтижесін көре аламыз. Биылға жоспарларымыз өте көп. Осы бағытта сіздердің қолдауларыңызға сенеміз», – деді Асхат Бердіханов.

Айта кетейік, жуырда Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында жаңа театр салынатынын мәлімдеген болатын.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz