Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта заңсыз сауда орны саябаққа айналады

Қонаев қаласының Абай көшесі көп жылдан бері бейберекет сауданың ошағына айналып келген еді. Мұндағы үстелдер мен дүңгіршектер жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына кедергі келтіріп, санитарлық талаптардың жиі бұзылуына себеп болды. Саудагерлердің ережені бұзу фактілері тұрақты тіркеліп отырса да, айыппұлдар мәселені шешкен жоқ, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жағдай қала әкімі Асхат Бердихановтың, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мен инвестордың келіссөздерінен кейін оң шешімін тапты. Инвестор өз қаражатына жаңа саябақ салуға кірісті.

«Жұмыстар басталып кетті. Мұнда қала тұрғындары үшін тағы бір демалыс және серуен аймағы ашылады. Спорт және балалар алаңдары, шағын сәулет нысандары орнатылады. Бұл – жайлы қалалық орта құрудағы маңызды қадам», – деді Асхат Бердиханов тұрғындармен кездесу барысында.

Болашақта инвестор тағы екі жоба – Комсомол көшесі маңы мен теміржол вокзалы аумағында саябақ салуды жоспарлап отыр. Қазір бұл бастамалар қаралу кезеңінде.

Кездесуде тұрғындар көше жарығы, кәріз жүйесін тарту, балалар алаңдарының сапасын арттыру сынды өзекті мәселелерді көтерді. Әкім бұл проблемалардың кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz