Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта көптілділікті дамытқан өңір тұрғындары марапатталды

Қонаев қаласында Алматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Көп тіл – бір әлем» атты іс-шара өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Басқосу аясында бірнеше тілді меңгеріп, өңірде көптілді ортаны дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Олардың қатарында мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, педагогтер және түрлі сала өкілдері бар.

Іс-шарада ерекше назар «Полиглот-2025» номинациясының ең жас иегеріне ауды. Бұл атаққа 7-сынып оқушысы Кәусар Миятбек лайық деп танылды. Ол ана тілінен бөлек орыс, ағылшын, неміс және испан тілдерін еркін меңгерген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – жастардың білімге және шет тілдерін игеруге деген жоғары қызығушылығының айқын көрінісі.

Алматы облысында көптілді білім беруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мен оның аудандық филиалдары заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Мұнда тұрғындар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тегін меңгере алады.

Сонымен қатар облыс әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 27 түлек Синьцзянь университетінде грант негізінде білім алу мүмкіндігіне ие болды. Студенттер оқу кезінде тегін жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ал 2026 жылы Цинхай қаласына 10, Шаньдун қаласына 5 түлекті гранттық негізде оқуға жіберу жоспарланып отыр.

Іс-шара барысында Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жүргізген зерттеу нәтижелері де жария етілді. Мәліметке сәйкес, Алматы облысында ана тілінен бөлек төрт және одан да көп шет тілін еркін меңгерген 120-дан астам азамат тұрады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаһандану жағдайында тіл білу – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, білімге, технологияға, ғылым мен мәдениетке жол ашатын маңызды тетік. Осы тұрғыда «Көп тіл – бір әлем» бастамасы өңірдің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жоба ретінде алдағы уақытта да жалғасын табады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz