Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта №6 жағажай абаттандырылады

Қонаев қаласында №6 жағажайдың даму болашағы талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Оған Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай, қала әкімі Асхат Бердиханов, тиісті мемлекеттік қызмет өкілдері және жағажай аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Қазіргі уақытта бұл аумақты 42 кәсіпкер жыл сайын үш ай мерзімге жалға алып, қызмет көрсетеді. Қала кәсіпкерлік бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айдын Әбілқасым соңғы үш жылдағы құқық бұзушылықтар мен әкімшілік хаттамалар статистикасын ұсынды.

Полиция деректері:

  • Ұрлық – 34 факт (25-і ашылды, 9-ы тергелуде)

  • Бұзақылық – 18 факт

  • Денсаулыққа орташа ауырлықтағы қасақана зиян келтіру – 3 факт

  • Әкімшілік құқық бұзушылық – 200-ден астам жағдай, соның ішінде қоғамдық орындарды ластау – 83, мас күйінде немесе ішімдік ішу – 107, алкогольді заңсыз сату – 2 факт

ТЖД деректері:

  • Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу – 91 хаттама, 1,27 млн теңге айыппұл

  • Су айдындарын пайдалану ережесін бұзу – 65 хаттама, 837,5 мың теңге айыппұл

Мемлекеттік кірістер басқармасы:

  • Бақылау-кассалық машиналарды дұрыс қолданбау – 17 факт (ескерту жасалды)

  • Тіркеусіз немесе рұқсатсыз қызмет – 1 факт, 58 980 теңге айыппұл

Кәсіпкерлерден түскен салық көлемі:

  • 2023 жылы – 1,68 млн теңге

  • 2024 жылы – 5,37 млн теңге

Қала әкімі Асхат Бердиханов №5 жағажайдың абаттандырылғаннан кейін туристер ағыны артқанын атап өтіп, қалған жеті коммуналдық жағажайды да кезең-кезеңімен жаңарту жоспарын жариялады. №6 жағажайды абаттандыру жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жұмыстар аяқталған соң кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігі қарастырылады, бірақ барлық нормалар қатаң сақталуы шарт.

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай бастаманы қолдап, қаланы абаттандыру – елді көркейту ісімен тікелей байланысты екенін айтты.

Жиын соңында қатысушылар №6 жағажай аумағын аралап, жағдайымен танысты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz