Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының тұрғындары масаның көптігінен далаға шығудан қалған

«Жұқпалы ауру тарауы мүмкін». Осылай деген Қонаев қаласының тұрғындары маса шағып, аллергияға шалдығып жатқанын айтады.

17.05.2023
Аймақ

Олар жағымсыз шіркейлердің түрі жыл санап өсіп, көлемі де ұлғайып барады деп алаңдайды. Оның үстіне шіркейдің шаққан жері оңай жазылмай, тыртық болып қалатын көрінеді, деп хабарлайды Almaty арнасы.

Масадан мазам қашты деген Маржан Жақұпова қазір денсаулығының жиі сыр беріп жүргенін айтады. Шырқын алған шіркей шаққан сайын аллергияға айналып, денесі бөртіп кететін көрінеді. Сондай-ақ тұрғындар масадан жұқпалы ауру тарай ма деп қорқады.

«Менің кішкентайымды талап тастаған. Ауру жұғатын сияқты. Олар малдың да қанын сорады ғой», – дейді қала тұрғыны Гүлназ Оспанова.

Жылдан-жылға жағдайдың нашарлағанын көрген ел санитарлық тазалау мамандары бақылауды күшейтуі тиіс деп санайды. Өйткені биылғы дезинфекциялау жұмысы тым баяу жасалыпты.

«Менің ұлымның да аллергиясы бар. Басын қып-қызыл етіп шағып тастаған. Масаның көбейіп жатқанына үш жыл болды», – дейді қала тұрғыны Маржан Атейева.

Аталған қалада алпыс жасанды су қоймасы бар. Санитарлық бақылау мамандары оларды назарда ұстайды.

«Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқандықтан, көктем мезгілінен бастап, жаз айларында осындай мәселе бар. Қонаев қаласының санитарлық станциясының көмегі арқылы жағажайларды улау жұмысын жүргізді. Қазір олар екінші кезеңін аяқтаған. Осы қаланың ішін және көшелерін, көпқабатты үйлердің жертөлесін улау жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ТҮКШ, Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбеков.

Дәрілеу жұмыстарына былтыр 10 миллион теңге бөлінсе, биыл 40 миллионға дейін қаражат жұмсалмақ. Енді қала ғана емес, тұрғын үйлердің жертөлесін дәрілеу ісі де қамтылады. Алайда жергілікті жұрт жасалып жатқан жұмысты байқамағанын айтады.

«Үш мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр. Тоғыз техника, оның ішінде трактор және 15-ке жуық түрлі техника бар. Отызға жуық маман жұмыс істеп жатыр», – деді ТҮКШ, Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Асхат Жексенбеков.

Жергілікті билік масаның кенеттен көбеюін табиғи фактор деп баға берді. Өйткені қаланың өзі Қапшағай су қоймасының маңында орналасқан. Алайда қолдан келген қызметті жасап жатқанына сендірді.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласымаса

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz