Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Танымал сәулетші Рикардо Марини Қонаев қаласын дамытуға бағытталған жобасын таныстырды

Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Urban Living» ЖШС мамандарымен кездесті. Басқосуда танымал сәулетшілер қаланы дамытуға бағытталған жоспарларымен бөлісіп, көзқарастарын айтты.

09.02.2023
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

«Urban Living» ЖШС-нің бас архитекторы – Марко Брунелли. Ал компанияның серіктесі — Рикардо Марини.

Фото: Аслан Қажеке

«Біздің серіктестік урбанистік және қала құрылысы жобаларын әзірлеуге маманданған консалтингтік компания. Басты бағыты — «плейсмейкинг». Яғни, адамдардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалған, көрнекі нысандардың сызбасын жасау арқылы қала құрылысына араласып, туризмді дамыту», — деді сәулетші Рикардо Марини.

Фото: Аслан Қажеке

1 of 3
- +

Оның айтуынша, Қапшағай су қоймасының жағажайында ірі нысандар тұрғызуға кірісу үшін алдымен топотүсірілім жасау қажет.

«Көлдің жағажайындағы аймақтарға жақсы тастар төсеуге қаржы құюға болады. Бірақ, бұл жұмыстың еш нәтижесі болмайтынын түсінгеніміз жөн. Ең алдымен, жағажай мен ғимараттар аралығындағы нысандардың елге пайда әкелетін тұстарын ойластыру қажет. Көлдің жағасы адамдар үшін қауіпсіз аймақ болуы тиіс. Сонымен қатар мұнда басымдық жаяу жүргіншілерге берілгенімен, шұғыл көмек көрсетуші автомобильдердің қозғалысы да назардан тыс қалмауы керек. Біз қаланың қазіргі жай-күйімен танысар кезде топотүсірілімнің жоқтығы жұмысқа кедергі келтірді. Жоғарыда айтылған жобаларды жүзеге асыру үшін топотүсірілім жасалуы керек», — деді сәулетші.

Фото: Аслан Қажеке

Өңір басшысы бұл түсірілімнің міндетті түрде жасалатынын, содан соң екіжақты келіссөздер тағы да жүргізілетінін айтты.

«Бакуде ештеңесі жоқ жағажай аз уақыттың ішінде әдемі демалыс орнына айналды. Ол жерде де қателеспесем, сіздер алға тартып отырған принциптер бойынша жұмыстар жүргізілді. Архитекторлардың ұсынған жобасы Қонаевтың кеңестік дәуірден шығып, заманауи қалаға бет бұруына септігін тигізетініне сенімдіміз. Қапшағайдың жағажайын зерттеп, жоба жасауға күш салғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Топотүсірілімнен кейін өздеріңізбен қоян-қолтық жұмыс жасауға әзірміз», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Фото: Аслан Қажеке

Бұған дейін «Urban Living» ЖШС Түркістан қаласының мастер жобасын жасаған. Содан кейін жоба инвесторларды тарту үшін пайдаланылып, шаһарда «Керуен сарай» бой көтерді.

Сәулетшілер туралы айта кетсек, Рикардо Марини – Англияның қала құрылысы бойынша Корольдік Институтының және Шотландиядағы Корольдік архитекторлар ұйымының мүшесі, архитектура мен қала құрылысының халықаралық сарапшысы. Ол Мәскеу, Буэнос-Айрес, Нью-Йорк секілді ірі қалалардағы бірнеше жобаның авторы.

Марко Брунелли – архитектура ғылымының докторы, Италияның экологиялық құрылыс кеңесінің мүшесі. Ди Тренто провинциясы Университетінің студенттік жатақханалары сияқты қоғамдық ғимараттарды жобалаумен айналысқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Urban LivingАлматы облысыБасты жаңалықтарҚонаев

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz