Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының көшені жарықтандыру мәселесі қашан шешіледі? – журналистік зерттеу

Тұрғындардың толассыз шағымына байланысты көше жарығының мәселесімен танысу үшін біздің тілшілер түнгі түсірілімге шықты.

03.04.2023
Аймақ

Тілшілер байқағандай, «Қапшағай темір жол стансасының» бойындағы көшеде мүлде жарық жоқ. Атын жасыруды қалаған тұрғынның айтуынша, шаһарда қоғамдық көлік қозғалысы кешкі 20.00-де тоқтайды. Ал түнде пойыздан түскен халық шаһарға жету үшін жанын шүберекке түйіп, қараңғыда біраз уақыт такси күтіп тұрады. Бұл жарықтың қосылмағанына жылдар болған.

Ал №4 саяжайдағы басты жолдың бойына бағаналар қойылғанымен, 2 жылдан бері жарық берілмеген. Бұдан бөлек, қаладағы ең ұзын көшелердің бірі – Сейфуллин көшесінің бойындағы жарық тым әлсіз.

«Бұл көшедегі жарықтың қозғалысқа ешқандай пайдасы жоқ. Жаңа шамдарға ауыстырамыз деп әкімдік уәде еткенімен, орындалған шараны көрмедік», — деді такси жүргізушісі Медет Түркешұлы.

Қапшағай су қоймасына, яғни демалыс орындарына жақын көшелердегі жарық та көңіл көншітпейді. Көшенің арғы басында үлкен шам орналастырылған да, қалған жері көзге түртсе көргісіз қараңғы. Қаланың орталығы есептелетін №4,5 шағын аудандардағы көпқабатты үйлердің ауласындағы жарық та өшіп тұр.

«Абаттандыру жұмыстары жасалды. Қаланың орталық паркінің жарығы күшті. Бірақ, одан 1-2 шақырым алыстасаң, жағдай осы. Бұл көпқабатты үйлерде тұратын балалар көп. Түнде бірдеңеге ұшырап қала ма деп қорқамыз. Олар құлап жарақаттанулары мүмкін. Сонымен қатар мұнда бейнекамералар да жоқ. Түн ішінде қылмыс жасап жатқан адам болса ше, оны тауып алу да, адамдардың көріп, байқап қалуы да қиын. Алда шомылу маусымының келе жатқанын ескерсек, қауіпсіздік туралы елестетудің өзі де ғажайып секілді», — деді №5 шағын ауданның тұрғыны Айгерім Қалығұлова.

Бұған дейін өткен баспасөз мәслихатында әкімдік мамандары қаланың облыс орталығына айналуына байланысты шаһардың көптеген аудандарында құрылыс жүріп жатқанын, сол себепті абаттандыру жұмыстары аяқталған соң ғана қаланың жарық мәселесі өз шешімін табатынын айтқан еді. Одан бері 4 ай өтті, ал қалада ешқандай өзгеріс жоқ.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржарықкөшеҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz