Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының бас жоспары қоғамдық талқыға салынды

Бүгін Қонаев қаласының бас жоспары көпшілікке таныстырылды.

09.12.2022
Аймақ
Фото: Даниил Леонидов

Фото: Даниил Леонидов

Жауапты компания өкілдері 200 мың тұрғынға арналған қаланың бас жоспарын дайындауға 6 ай уақыт жұмсалғанын айтады.

«Бұған дейін бекітілген жоспар бойынша шаһар көлемі – 9000 гектар. Ал жаңа жобада бұл аумақ екі есе үлкейтілді, яғни 19 мың гектарды құрайды. Әлеуметтік нысандар (балабақша, мектеп, аурухана, және т.б.) құрылысы көпқабатты тұрғын үйлермен қатар басталады», — деді компания директоры.

Директордың сөзіне сүйенсек, Қонаев қаласы жобасының ерекшелігі – жасыл желекті нысандардың (парк, арборетум, ботаникалық бақ) көп болуы. Бұның барлығы Жаңа Іле аумағында бой көтереді. Сондай-ақ Жаңа Іледе транспорттық-логистикалық хаб болады. Себебі, Еуропа және Қытай арасын байланыстыратын теміржол Алматы облысының жаңа орталығында орналасқан. Бұдан бөлек, Қонаев қаласы аумағынан республикалық маңызы бар тас жолдың өтетіні бәрімізге мәлім. Жаңа Іле төңірегінен 15 шақырым қашықтықта аэропорт салу да қарастырылған.

Фото: Даниил Леонидов

1 of 4
- +

«Қазіргі шаһар аймағында қайта өңдеуден өтетін объектілер баршылық. Мұнда әкімшілік кеңселер, тұрғын үйлер, мұз айдыны, спорттық-сауықтыру орталықтары салынады. Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасқан демалыс орындарына ортақ велосипед жүргізушілер жолы, бульварлар салуды жоспарлап отырмыз», — деді компания өкілі.

Жоба авторлары бас жоспарда мұнай өңдейтін зауыт салу мүмкіндігі де қаралғанын айтады. Мамандардың пікірінше, ол үшін Алматы облысының әлеуеті жеткілікті. Олардың есебі бойынша Қапшағай көлінен өтетін темір жол көпірі күрделі жөндеуден өтпек. Бұдан бөлек көлдің оң және сол жақ бөлігін байланыстыратын автожол көпірі де салынбақ.

Жобамен танысқан қоғам белсенділері мен облыстық мәслихат депутаттары тарапынан қарсы пікір айтылмады.

Фото: Даниил Леонидов

1 of 5
- +

«Дәл осы жоба жүзеге асса, қуанышты болар едім. Себебі, мұндай тың жоспар әлі Алматы облысында болмаған. Президент тапсырмасымен қолға алынған жоба нәтижесінде Қонаев қаласы — облыс орталығы болып қана қоймай, меніңше, мегаполисқа айналады. Барлығы ұнады», — дейді Қонаев қалалық мәслихатының депутаты Сергей Горяной.

Айта кетейік, Қонаев қаласының бас жоспары жақын арада облыстық мәслихат сессиясында қаралады. Мемлекеттік сараптамадан өткен жағдайда, Үкімет бекітуі тиіс.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz