Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында Қазақстан полициясы күніне орай 40 жаңа қызметтік көлік берілді

Қазақстан полициясы күніне орай Қонаев қаласында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Алматы облыстық Полиция департаментіне 40 жаңа қызметтік автокөлік табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл құқықтық тәртіпті нығайту мен полицияның материалдық-техникалық базасын жаңарту жолындағы маңызды қадам болып отыр.

Салтанатты рәсім Қонаев қаласының Орталық алаңында ұйымдастырылды. Шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, аудандық және қалалық полиция бөлімдерінің басшыларына көліктің кілттерін салтанатты түрде табыстады.

Өңір басшысының айтуынша, автопарктің жаңартылуы полиция қызметінің сапасын арттырып, құқық қорғау органдарының мобильділігін күшейтеді.

«Бұл – жай ғана техника емес, бұл – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сенімді құрал. Халықтың тыныштығы мен тәртібі осы көліктердің көмегімен жаңа деңгейге көтеріледі», – деді облыс әкімі.

Жаңа қызметтік көліктер Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай, Алатау, Жамбыл, Балқаш, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарының полиция бөлімшелеріне үлестірілді.

Мерекелік шара Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Алматы облысының әкімі ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, полицияның қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.

«Полиция қызметкері – бұл тек мамандық емес, бұл – ел алдындағы жауапкершілік пен халықтың сеніміне ие болу. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – сіздердің күнделікті абыройлы міндеттеріңіз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 23 маусымда Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтқан сөзін еске салып, ел Президентінің заң үстемдігін қамтамасыз ету, қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткенін жеткізді.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, соңғы үш жылда өңірдің ішкі істер саласын дамытуға 51 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 167 қызметтік автокөлік, заманауи техника, планшеттер мен серверлік құрылғылар сатып алынды. Сонымен қатар, бейнебақылау жүйелері орнатылып, жуық арада 20 SOS шұғыл шақыру түймесін іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде облыс аумағында 51 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Бұл қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда.

Салтанатты шара аясында қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне де құрмет көрсетілді. Тәуелсіздік жылдарында Алматы облысында 40 полиция қызметкері қызмет барысында қайтыс болған. Олардың есімі қашанда ел жадында.

Тегтер: Алматы облысықазақстанполиция

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz