Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны көбейді

Мөлдір Иманмади
11.11.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізілетін скринингтік зерттеулер нәтижесінде 320 науқаста ауыр дерт анықталды. Сырқат ерте сатысында анықталып, қазір науқастар ем алу үстінде, деп хабарлайды alataunews.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта, Қонаевта қатерлі ісікке шалдыққан 677 адам тіркеуде тұр. Оның 160-тан астамы сүт безі обырымен ауырады. Дәрігерлердің мәліметінше, мұндай сырқат көбінде скринингтік зерттеулер барысында анықталады. Мәселен, жыл басынан бері тексерістен өткен әйелдердің 7-де омырау ісігі табылды. Ол дәстүрлі жүргізілетін скрининг нәтижесінде анықталып отыр. Бұл процедура міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді шараларының бірі.

«Онкопатологияны ерте анықтауда скринингтің маңызы зор. Бастысы – азаматтардың МӘМС жүйесінде «сақтандырылған» мәртебесі болуы. Көп әйелдер бұл зерттеуге келуден қорқады. Мұндағы себеп – ауруларын анықтап алады деп ойлауы. Ерте сатысында дертті табу – оны толыққанды емдеудің бірден бір жолы. Биыл мысалы, сүт безі обырына шалдыққан тұрғындардың ауру деңгейі — І,ІІ саты. Бұл дегеніміз – науқасқа 10-15 жыл ғана өмір сүре алады деген сөз», — қалалық көпсалалы ауруханасы радиациялық диагностика бөлімінің меңгерушісі Батырхан Омаров.

Мамандар әйелдер арасында дәл осы сүт безі обыры, ал одан кейінгі кезекте жатыр мойны ісігі жиі кездесетінін айтады. Ал ер адамдар асқазан және тоқ ішек қатерлі ісігімен көп аурады – дейді ақ халаттылар. Сондықтан, аурухана басшылығы Қонаев қаласы және оған қарасты ауыл тұрғындарының скринингтен өтуін ерекше қадағалауға алған.

«Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі. Биыл кезең-кезеңімен 436 10 адамды тексердік. Бізге тіркелген ауыл халқы да қамтылады. Заречный, Шеңгелді ауылдық округтері және Кербұлақ ауылының тұрғындарын көлікпен қамтамасыз етіп, ауруханамызға алдырамыз. Қазірде көп аурулар жасарып келеді. Сондықтан тұрғындарды денсаулықтарына бей-жай қарамауға шақырамыз. Скринингтен өту үшін мекенжай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек. Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы міндетті», — дейді қалалық көпсалалы аурухананың меңгерушісі Гүлзира Қарпықбаева.

Скринингтік тексерулер жыл 12 ай өткізіледі. Биыл бағдарлама нәтижесінде 320 науқастан ауыр дерт анықталып, олар есепке алынған. Көрсеткішке сүйенсек, сүт безі қатерлі ісігінен бөлек, 265 адамның қанайналым жүйесі бұзылып, 13 тұрғын қант диабетіне шалдыққаны анықталып отыр. Ал көздің ішкі қысымының жоғары көтерілуінен болатын созылмалы көз ауруы, суқараңқы, 36 азаматта тіркеліпті. Бүгінде бұл науқастардың барлығы «Д» есепке алынып, қажетті ем-дом тағайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz