Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласы — Алматы облысының дамуының символына айналды

8 маусым күні Қонаев қаласының Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесін алғанына үш жыл толды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.06.2025
Аймақ, Алматы облысы

2022 жылы дәл осы күні бұрынғы Қапшағай қаласы ресми түрде облыс орталығы болып жарияланған еді.

Осы уақыт ішінде қалада және облыс аумағында ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзеге асты. Үш жыл ішінде жалпы өңірлік өнім 109,6%-ға өсіп, 5,9 трлн теңгеге жетті. Шикізаттық емес сектордағы өсім қарқыны бойынша Алматы облысы республикадағы алдыңғы бестікке енді.

Өңірге 2,3 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Халықаралық деңгейдегі PepsiCo, LC Waikiki, KT&G, Qazaq Global Food сынды компаниялар өз өндіріс алаңдарын ашты. Бұған қоса, Қытаймен жалпы құны 7 млрд АҚШ долларына жуық келісімдер жасалып, нәтижесінде шамамен 6 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Инфрақұрылым саласында да ауқымды жобалар жүзеге асырылды. 1000 шақырымнан астам автожол жөнделіп немесе жаңадан салынды. Газбен қамту деңгейі 58,1%-ға жетті, ал ауылдық елді мекендердің 99,5%-ы орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді. Үш жыл ішінде шамамен 2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Адам капиталы мен цифрландыру саласында да айтарлықтай нәтижелер бар. 140 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді. «Цифрлық отбасы картасы» және заманауи білім беру платформалары енгізілді.

Қонаев қаласы Smart Qonaev жобасы аясында дамып келеді. Қаржыландыру көлемі төрт есеге артты. Қалада қоғамдық кеңістіктер жаңартылып, туристік инфрақұрылым жетілдірілуде. 2025 жылы қалаға 1,6 млн турист келеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Қонаев қаласының маңында еркін экономикалық аймақ мәртебесіне ие жаңа Алатау қаласының құрылысы басталды. 2025 жылы бұл жобаның инфрақұрылымына 100,7 млрд теңге бағытталмақ.

Бүгінгі таңда Алматы облысы – тұрақты дамып келе жатқан өңір. Мұнда өмір сүруге, жұмыс істеуге және кәсіби тұрғыда өсуге барынша қолайлы жағдайлар жасалуда. Ал Қонаев қаласы облыстың әлеуметтік-экономикалық өрлеуінің жаңа орталығына айналып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz