Олар Ми-17 тікұшағы бортынан 800 метр биіктіктен Д-6 төртінші сериялы парашют жүйесін пайдаланып, оқу-жаттығу секіруін сәтті орындады.
Секіруді орындамас бұрын сарбаздар тиянақты теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Әскери бөлім әуе-десанттық дайындық бөлімінің аға офицері гвардия капитаны Амантай Жалтырбай атап өткендей, парашютті орауға, әуедегі іс-қимылға және мамандандырылған тренажерларда орын алуы мүмкін штаттан тыс жағдайларды пысықтауға ерекше көңіл бөлінді.
«Әр десантшы парашютті дұрыс орап қана қоймай, әуедегі оқиғалардың кез келгеніне дайын болуы керек. Бұл барынша жинақылықты, тәртіпті және күш-қуат төзімділігін талап етеді», – деп атап өтті А. Жалтырбай.
Тікұшаққа қонар алдында жеке құрамға нұсқама сабағы өткізілді. Десантшылар сәтті қонғаннан кейін жердегі тактикалық тапсырмаларды орындауды жалғастырды.
Парашютпен секіру – әуе-десанттық дайындықтың маңызды элементі. Олар сарбаздан батылдықты, жинақылықты және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Бұл рухты, мінезді және жауынгерлік шеберлікті шыңдау. Жас десантшылар бұл сынақты абыроймен орындап шықты.





