Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

ҚХА мүшелері Алматы облысының тұрғындарына Үндеу жариялады

Аталған Үндеу Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында бекітілді.

19.12.2022
Аймақ
Фото: Аслан Қажеке

Фото: Аслан Қажеке

Үндеудің толық мәтіні келесідей:

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті. Сайлау бүкіл саяси жүйенің күш-қуат, тұрақтылыққа сынақ болды, сонымен қатар әртүрлі саяси күштерге елдегі реформалар бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын айтуға, мемлекеттілікті нығайтуға үлес қосуға мүмкіндік берді.

Жеңісті 26 қарашада Қазақстан халқына адал болуға ант берген еліміздің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіп алды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде басталған саяси және экономикалық реформаларды нығайтатын, әсіресе әлемдегі геосаяси жағдайға көз жүгіртсек, бірқатар маңызды реформаларды жария етті. «Жаңа экономикалық бағыт» жарияланды.

Біз, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қасым-Жомарт Кемелұлы бастаған реформаларды толығымен қолдап, барша облыс тұрғындарын бірлігіміз бен келісімімізді нығайтуға шақырамыз.

«Әділетті Қазақстан» құрылысы мен еліміздің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуының қозғаушы күші біздің қазақстандық патриотизм болуы керек.

Тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы тыныштық пен келісімді қамтамасыз ету, сол арқылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың реформаларына қолдау көрсету – біздің азаматтық борышымыз.

Құрметті жерлестер!

Ұлтаралық қатынастардың үндестігі, ынтымақ, өзара қолдау және ризашылық сезімі біздің өміріміз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі ретінде қоғамымызда берік орнықты.

Біз «Бірлігі жоқ халық – болашағы жоқ халық» деген халық даналығы өсиетіне сай өмір сүріп жатырмыз.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Туған жерімізде — тыныштық, береке-бірлік болсын!

Тегтер: Алматы облысыҚонаевМарат Сұлтанғазиевүндеу

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта «Қазақстан – Үндістан» бизнес-форумын өткізу жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

СҰХБАТ: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және жүйелі мәселелерді шешу жолдары

Мөлдір Иманмади
30.09.2026

Алматы облысында «Ақши-агросервис» серіктестігіне нұсқама шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Шеңгелдіде 1200 тонна заңсыз қоқыс шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

Алматы облысында үш жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Қорлан Нұрланқызы
30.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz