Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандық жасөспірімдер Өзбекстанда робототехника және инновациялар форумын өткізеді

4 ақпанда Ташкент қаласында ғылым, технология, инженерия және инновацияларға арналған STEM for Youth білім беру форумы өтеді.

Мөлдір Иманмади
04.02.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Халықаралық деңгейдегі шара American University of Technology in Tashkent базасында ұйымдастырылады.
STEM for Youth форумы IT, инженерия, робототехника және ғылым саласына қызығушылық танытатын мектеп оқушылары мен студенттерге арналған алаң ретінде ұсынылып отыр. Форум аясында қатысушылар практикалық білім алып, STEM саласындағы мансаптық мүмкіндіктермен танысып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
Форумның ұйымдастырушысы — NERV қазақстандық командасы. Олар халықаралық FIRST Tech Challenge робототехника жарысына қатысып, STEM білімін дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді. Команда IT, робототехника, инженерия және технология саласындағы жас мамандарды біріктіріп, жастар арасында техникалық білімнің кеңінен таралуына үлес қосып жүр.
Іс-шара барысында спикерлер STEM бағытындағы кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жеке даму жолдары туралы әңгімелейді. Форум жас буынның инновациялық ойлау қабілетін дамытуға және Орталық Азия елдері жастары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Форумға Алматы қаласынан әртүрлі білім беру ұйымдарынан келген оқушылар қатысады. Атап айтқанда:
• Ізім Айзия — Алматы қаласы, №79 КГУ
• Абдикадиров Амангелді — Республикалық физика-математика мектебі
• Турлыбек Альнұр — Республикалық физика-математика мектебі
• Кемелбаева Алина — №103 гимназия

Айта кетейік, STEM for Youth форумы — қазақстандық оқушылардың шетелде бастамашы болып, халықаралық деңгейде білім мен технология саласында тәжірибе алмасуына жол ашатын маңызды алаңдардың бірі.

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz