Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстандық компания Шелек ауылында қуатты ЖЭС салуға ниетті

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Дандыбаев Алматы қаласындағы өңірлік даму орталығында бірнеше компания мамандарымен кездесті.

30.11.2022
Аймақ

Оның ішінде «Ai-energy Group» ЖШС де бар. Бұл компания Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында қуаттылығы 531 Вт/м2 болатын ЖЭС салуға ниеттеніп отыр.

«Аталған ауданда 49 жылға жалға алған жеріміз бар. Бұған дейін мұнда бірнеше жел электр стансалары салынды. Енді біз де заманауи электр стансасының жобасын жасап қойдық. Серіктесіміз «Power China» атты қытайлық компания. Олар 788 млн доллар инвестиция құяды. Бізге өз еліміздің қолдау көрсету шарасын білсек болғаны», — деді компания басшысы Ержан Абдиев.

Сондай-ақ серіктестік тағы 2 жоба ұсынды.

«250 гектар жерге дақылдар егіп, оны тамшыландыру әдісімен суаруды қолға алғалы отырмыз. Бұл жоба бұрын-соңды Қазақстанда жасалмаған теңдессіз проект болмақ», — деді Ержан Абдиев.

Ал екінші жоба — сүт өнімдерін шығаратын зауыт.

«Еңбекшіқазақ ауданында Кеңес заманы кезінде жұмыс жасаған зауыттың қаңқасы бар. Сол жерді қайта қалпына келтіріп жатырмыз. Құрылыстың 70 пайызы аяқталды», — деді компания басшысы.

Арслан Дандыбаев болса мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін, жақында кәсіпкерлер мен аталған салаға жауапты министрліктермен форум болатынын айтып, сол кездесуге компания өкілдерін шақырды.

Тегтер: инвестор

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz