Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда жаңа Qonaev Media телеарнасы эфирге шықты

25 қыркүйекте Қазақстан телеэфирінде жаңа Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Енді бұл арнаны еліміздің барлық өңіріндегі көрермендер Alma TV және Otau TV платформалары арқылы тамашалай алады. Арна күн сайын таңғы сағат 08:00-ден түнгі 00:00-ге дейін хабар таратады.

Жаңа арна өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстандағы өмірге бағытталған заманауи медиаресурс ретінде ұсынады. Эфирде жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалары көрсетілмек. Сонымен қатар әлеуметтік бастамаларға, білім беру мен медицина саласын дамытуға, бизнеске, мәдениетке, спорт және экология тақырыптарына ерекше назар аударылмақ.

Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның ашылуы отандық телеарна кеңістігіне жаңа серпін береді.

— Біздің басты мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің болмысын айқындайтын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен эфирден тек ақпарат қана емес, шабыт алып, айналасында болып жатқан оқиғаларға өзінің қатысы бар екенін сезінуін қалаймыз, – деді ол.

Qonaev Media ұжымы көрерменге арналған контентті заманауи форматта ұсынуды көздейді. Олар бағдарламаларды ақпараттылық, серпінділік және жеңіл қабылданатын мазмұнмен үйлестіру арқылы кең аудиторияны қамтуды жоспарлап отыр.

Жаңа телеарнаның эфирге шығуы – еліміздегі медиа кеңістіктің дамуына тың серпін беріп, аймақтық және ұлттық деңгейдегі маңызды тақырыптарды кеңінен насихаттауға жол ашады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz