Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда ПИК пен МИБ-тің есеп беру мерзімдері өзгерді

Қазақстанда пәтер иелері кооперативтері (ПИК) мен мүлік иелерінің бірлестіктері (МИБ) үшін ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі жаңартылды. Енді барлық нысандар мен басқару субъектілері ай сайынғы есепті мүлік иелеріне міндетті түрде ұсынуы тиіс, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа талаптарға сәйкес, ай сайынғы есептер арнайы бекітілген нысан бойынша дайындалып, көпшілікке қолжетімді жерде орналастырылуы, ақпараттық жүйе арқылы жарияланып, ашық сипатта болуы қажет. Есептер үй кеңесімен келісілген соң, МИБ төрағалары немесе басқару субъектілері қол қояды.

Ең басты өзгерістердің бірі – 15 қыркүйектен кейін ай сайынғы есепті ұсыну мерзімі есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін деп белгіленді.

Сонымен бірге заңнамаға сәйкес, кондоминиум нысанын басқару бойынша жылдық есеп те міндеттелді. Ол үй кеңесінде қаралып, мүлік иелерінің жалпы жиналысында талқыланып, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін қабылдануы тиіс.

Мүлік иелері есепке қоса банк шотындағы қаражат қозғалысы туралы үзінді көшірмелерді, ақау актілерін, монтаждау және орындалған жұмыстар актілерін, сондай-ақ қаражаттың жұмсалуын растайтын басқа да құжаттарды талап ете алады.

Әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай, автотұрақ орны немесе қойма иесі ағымдағы, жинақтаушы және мақсатты жарналарды төлей отырып, ағымдағы және жинақ шоттарының жай-күйі туралы толық ақпарат алу құқығына ие.

Жаңа ережелерге сәйкес, ай сайынғы және жылдық есептерде кондоминиум нысанын басқаруға жатпайтын қосымша шығыстар да көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ жалпы мүлікті жалға беруден түскен кірістер жеке жолмен көрсетілмек.

Бұл өзгерістер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы ашықтықты арттырып, мүлік иелерінің басқару процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді деп күтілуде.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz