Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қауіпті диагноз – сәтті ота: Ілелік дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

1976 жылы туған Авиcат Хуанышбек шұғыл жағдайда Іле орталық аудандық ауруханасына өте ауыр халде жеткізілген. Науқасқа жедел гангренозды-перфоративті аппендицит, диффузды іріңді-нәжісті перитонит, абдоминалды сепсис, ауыр интоксикация диагноздары қойылды.

Ауру күрт өршіп, науқастың өміріне қауіп төндірді. Дәрігерлер тарапынан ота жасау туралы шешім қабылданды. Науқасқа ортаңғы лапаротомия, аппендэктомия, сондай-ақ іш қуысына санация және дренаж орнату операциялары жасалды.

Дәрігерлердің, анестезиологтардың, реаниматологтардың және орта буын медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында науқастың жағдайы тұрақтандырылды. Отадан кейінгі келесі күні-ақ пациент арнайы жүріс құралдарының көмегімен қозғала бастады.

Келесі күндері Авиcат Хуанышбекке қабыну процесін тоқтатып, ағзаның қызметін қалпына келтіруге бағытталған қарқынды ем жүргізілді. Тиісті емдеу курсынан кейін науқас денсаулығы жақсарып, ауруханадан шығарылды.

Маңыздысы – көрсетілген барлық медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында тегін көрсетілді. Бұл науқасқа ешқандай қаржылық шығынсыз, уақытылы және сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік берді.

Бұл жағдай МӘМС жүйесінің тиімділігін және Іле орталық аудандық ауруханасының жоғары білікті медициналық қызметкерлерінің кез келген күрделі жағдайда өмірді сақтап қалуға дайын екенін тағы да дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz