Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарттар күні: Балалардың ыстық ықыласы қарияларға қуаныш сыйлады

Қонаев қаласындағы Балаларды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері Қарттар күніне орай қарттар үйіне арнайы барып, ардақты қарияларды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
01.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Балғындар ән шырқап, өлең оқып, қолөнер бұйымдарын тарту етіп, қазыналы қарттарға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Бұл игі шара жас буынға үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеп, қарым-қатынастың мәнін ұғындырды. Балалар мен қариялардың арасындағы жылы жүздесу олардың жанарына қуаныш ұялатып, жүректерін шаттыққа бөледі.

Қариялардың бірі ризашылығын білдіріп:
«Біздің жағдайымызды сұрап, көңілімізді аулағандарыңызға рақмет. Балалардың күлкісін көріп, шаттанып қалдық. Ең бастысы – үлкенге құрметтің ұмытылмай келе жатқаны қуантады. Осындай сәттер бізге үлкен демеу болады» – деді.

Шара соңында орталық тәрбиеленушілері қарияларға жиі барып тұруға уәде беріп, қарттар да балаларға ақ батасын берді.

Тегтер: Басты жаңалықтарқарттар күні

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz