Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қаратұрық ауылындағы мерекелік шыршаға әлеуметтік осал топтан шыққан 183 бала қатысты

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылында әлеуметтік осал топтан шыққан, мүмкіндігі шектеулі, асыраушысынан айырылған 183 балаға арналған мерекелік шырша өтті.

26.12.2022
Аймақ

Аталған салтанатты кештің өткізілуіне Қаратұрық ауылдық округінің әкімдігі мұрындық болды. Шарада түрлі қойылымдар қойылып, әннен, биден шашу шашылды. Мерекелік шыршаға арнайы шақырылған балақайларға тәтті-дәмдіге толы қорап тарту етілді.

«Бұл кешті ұйымдастырудағы басты мақсатымыз – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Ауылдық округтің құрамында 6 елді мекен болса да, осы уақытқа дейін ауқымды мерекелік шырша ұйымдастырылмаған. Демеушілермен ақылдаса отырып, Жаңа жылды осылай атап өтуді жөн санадық», — деді тілшілерге сұхбат берген Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебаев.

Аяз атаға тақпақ оқып, шағын концертті тамашалаған балалардың қуанышында шек жоқ.

«Бізге Жаңа жыл қатты ұнады. Балаларға тілерім келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз нұрлы болсын! Жалғаннан жамандық көрмей, өміріміз уайым-қайғысыз өтсін! Жаңа жыл құтты болсын!» — деді 1-сынып оқушысы Ақерке Дәулеткелді.

Айта кетейік, ауылдық округтің 17000-нан астам тұрғыны бар. Мұнда 56 мүмкіндігі шектеулі, 15 асыраушысынан айырылған бала тіркелген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыҚаратұрық ауылымерекелік шырша

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz