Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасайлық дәрігерлер ауыр диагнозбен түскен науқасты құтқарды

Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне 1953 жылғы әйел ауыр хәлде түскен. Дәрігерлер қажетті сараптамадан кейін 70 жастағы науқасқа В вирусты гепатиті дамып, бауыр циррозына алып келген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, портальды гипертензия синдромы қойылған. Яғни, 3 дәрежелі өңештің варикозды кеңеюі тіркелген. Ауру қан кетумен асқынған.

«1953 жылғы науқасқа ем МӘМС есебінен тегін тағайындалды. Науқас орташа дәрежедегі постгеморрагиялық анемия екенін білдік. Бұл – жылдам және массивті қан жоғалтудан туындаған анемия. Бейнеэзофагогастродуоденоскопия кезінде өңештің веналарынан қан кету жалғасты. Осыдан кейін азаматқа шұғыл түрде қан кету биіктігінде өңешті байлау жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай асқынусыз қан тоқтады», — деді отаны жасаған аурухана хирургі Данияр Рустамұлы.

Дәрігер отаның сәтті өткенін айтады. Зейнеткер 6 күннен кейін аурухана қабырғасынан шығарылған. Оның өлім аузынан аман алып қалған ақ халатты абзал жандарға алғысы зор. Айта кетерлігі, науқасқа ем-шара міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Жалпы, Қарасай аудандық ауруханасының материалдық техникалық базасы заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған және мұнда күрделі оталарды өткізуге барлық жағдай жасалған.

МӘМС қоры Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Тегтер: Басты жаңалықтарбауыр циррозыВ вирусты гепатитыҚарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасыМӘМС Алматы облысыМӘМС қорыМіндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz