Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданының 9 мың тұрғыны бар екі ауылына небәрі екі маршрут қызмет көрсетеді

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Береке және Елтай ауылының 9 мыңға жуық тұрғыны таң атса жұмысқа, кеш батса үйіне жете алмай жүр, деп хабарлайды Alataunews.kz.

16.11.2022
Аймақ

Мұнда қатынайтын қоғамдық көлік көп, автобус емес, шағын көлемді маршрут-көлік. Ауыл тұрғындары жұмысқа ерте шығады. Өйткені сәл кешіксе, діттеген жеріне жету мүмкін емес.

«Қалаға немесе вокзалға жету мүлдем мүмкін емес. Таксиге күніне 3500 теңге төлеймін. Екі бағдарда автобус қатынайды, бірақ араға 1 сағат салып жүреді», — дейді Елтай ауылдық округінің тұрғыны Гүлнар Бердіғұлова.

Тұрғындардың айтуынша, мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келеді.

«Сағат таңғы бесте жұмысқа шығамыз. Кішкентай екі маршруткаға сыймаймыз. Қаншама уақыт болды, түк шешілмейді, әбден қажыдық», — дейді тұрғын Әсет Қожамқұлов.

Елтай округіне қарасты біраз ауылда қоғамдық көлік мәселесі өзекті. Әкімдіктегілер бұл проблема жаңа жылдан соң шешіледі деп сендірді.

«Қазір екі маршрут бар. Біз өз тарапымыздан қалалық мобильдік бөлім басшыларынан тағы үшеу сұрадық. Қоғамдық көліктің соңғы аялдамасына жер дайын, жүргізушілердің ас ішетін орнын бәрін дайындап береміз, тек автобус беріңдер деп сұрап отырмыз. Біз сұраған үш маршруттың қайсысын мақұлдайтынын білмейміз. Жаңа жылдан соң субсидия бөлінеді деді. Сол кезде автобус мәселесі шешіле ме деп отырмыз», — деді Елтай округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.

Айта кетері, бір ғана Қарасай ауданы емес, жалпы Алматы облысына қарасты жақын маңдағы елді мекендерде қоғамдық көлік мәселесі шешілмей келеді. Қай уақытта шешілетіні белгісіз. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан жауап алу мүмкін болмай тұр.

Тегтер: Қарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Екі айда 2,9 трлн теңге: бюджет кірісі жоспардан асты

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында референдум: өз сайлау учаскеңізді қалай білуге болады?

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz