Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданында су тасқынының алдын алу үшін 11 км-ге жуық арық қазылды

Бұл туралы Alataunews.kz тілшісіне сұхбат берген аудан әкімінің орынбасары Мәрлен Қасенов мәлім етті.

14.03.2023
Аймақ

Әкім орынбасарының сөзіне сүйенсек, ақпан айында күннің күрт жылуына байланысты аудандағы 400 үйдің ауласын еріген қар суы алып кеткен.

«Ақпанда аудан әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, екі апта бойы мамандар қара сумен күресті. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Әкімдік мамандары төтеншеліктермен бірлесе отырып, аудан бойынша жалпы ұзындығы 11 шақырымға жуық арық қазып, оның жанына топырақ үйіндісінен қоршау жасады. Бұл жұмыстарға 50 техника мен 180 адам жұмылдырылды», — деді Мәрлен Қасенов.

Маманның айтуынша, арықтардың тереңдігі 1 метрден басталып, кей жерлерде одан да тереңдей түседі.

«Ауданда 2023 жылға дейін су тасқынына қауіпті 30 аймақ болған. Өзен арнасын кеңейту, каналдарды тазалау, қажетті су арналарын қоршау, топырақ төгу секілді жұмыстардан кейін оның саны 11-ге дейін азайды. Биыл осы жұмыстар жалғасады. Жыл соңына қарай қауіпті аймақтардың барлығына тиісті жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлап отырмыз», — деді әкім орынбасары.

Қазіргі таңда өңірде жағдай бірқалыпты және сала мамандарының қатаң бақылауында.

Жалпы Қарасай ауданында 16 гидротехникалық нысан жұмыс істейді. Оның 7-і «Үшқоңыр ирригация» мекемесіне тиесілі, 9-ы жеке меншік балансында. Су нысандарының барлығы тазаланған. Бұдан бөлек, аудан аумағынан 4 үлкен өзен транзиттік режимде ағып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысыарықҚарасай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

10 наурыз: Алматы облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz