Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 1 қыркүйекте басталады

Мемлекеттік басқару жүйесі үшін білікті жастарды анықтау және тарту мақсатында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жоспарлануда.

23.08.2023
Аймақ

Бұл жолғы іріктеу 6 сала бойынша жүзеге асырылады:

  • инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
  • агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
  • сыртқы саясат және инвестициялар;
  • экономикалық және қаржылық саясат;
  • цифрландыру;
  • әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.

«Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болу үшін үміткерлер 6 кезеңнен тұратын кешенді іріктеуден өтуі тиіс», — деді ҚР мемлекетітк қызмет істері агенттігінің Алматы олысы бойынша департаменті басшысының м.а. Асхат Такебаев.

Бірінші кезең – құжат тапсыру. Ол 2023 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында pkrezerv.gov.kz арнайы ақпараттық жүйесінде және онлайн режимде жүзеге асырылады.

Екінші кезең – мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау.

Үшінші кезең – ситуациялық тапсырмаларды шешу.

Төртінші кезең – ассессмент-орталығы мен құзыреттер бойынша сұхбат.

Бесінші кезең – сарапшылық комиссиясында кандидаттармен әңгімелесу.

Алтыншы, соңғы кезеңде – Ұлттық комиссияның отырысы өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне үздік 50 кандидат қабылданады және 3 жыл Резервте тұрады.

Президентт жастар кадр резерві талаптарына сәйкес Резервке алынған адамдар заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік саяси лауазымдарға, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық және А санаттар тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

2019 және 2021 жылдары резервке алынған 350 адамның 264-і мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жұмыс істейді, яғни жалпы санның 75%-ы жұмысқа орналасқан.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz