Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Пациенттердің шағымы 11,7%-ға азайды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
23.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

ӘМСҚ КЕАҚ Алматы облыстық филиалының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы бес айында Қорға барлығы 10 363 шағым түсті, олардың 5 073-і қайтарылып алынды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға төмен. Ол кезде 11 745 шағым тіркелген еді (5 167 қайтарылған).
«Азаматтардың шағымдарын азайту және медициналық қызмет сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыс нәтижесінде оң нәтижеге қол жеткізілді. Осы мақсатта Қор медициналық ұйымдар базасындағы пациенттерді қолдау қызметтерімен бірлесіп жұмыс істейді. Қор бұл қызметтердің мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін ай сайын оқыту сессияларын ұйымдастырады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Оқытулар негізгі бағыттарды қамтиды – беделді басқару (репутациялық менеджмент), этика және деонтология, ҚР медицина қызметкерлерінің ар-намыс кодексі. Сессия барысында нақты келіп түскен шағымдар талданып, қаралады. Бұл теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ халық тарапынан сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Халықпен кері байланысты күшейту және еліміздегі медициналық көмектің сапа стандарттарын арттыру жұмыстары жалғасуда.
Еске саламыз: Егер сіз медициналық көмек алу кезінде мәселе туындаса, дәрігердің ем тактикасына қатысты шешімімен келіспесеңіз немесе МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізге қатысты сұрақтарыңыз болса, Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіне аласыз. Аталған қызмет әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейді. Оның жұмысы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығымен реттеледі («Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»).

 

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz